Жаңалықтар

Қазақстан мен Иранның Сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді

Қазақстан мен Иранның Сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді
Фото: gov.kz 16.11.2023 21:01 703

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы (ИИР) Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Бақаев, Иран делегациясын ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Багери басқарды. Отырыс барысында екі ел байланысындағы өзекті тақырыптар, өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер талқыланды.

Консультациялар шеңберінде Ә.Бақаев ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары, саяси және халықаралық зерттеулер орталығының төрағасы М.Шейхул-Исламимен келіссөздер өткізіп, Қазақстан-Иран арақатынастарындағы маңызды тақырыптар, оның ішінде ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырды.

Сонымен бірге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мақсатында ИИР Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары М.Сафаримен кездесу өткізді. Қос тарап Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық ынтымақтастықтың даму серпін оң бағалай отырып, бұл динамиканы төмендетпеу және аталған бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру маңыздылығы айтылды.

Іс-сапардың жалғасы ретінде Ә.Бақаев ИИР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық департаментінің Бас директоры А.Эшрагпен кездесу өткізіп, екі елдің халықаралық ұйымдармен, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ және т.б. құрылымдар аясындағы ынтымақтастығын дамыту жолдары талқыланды.    

Саяси консультациялар мен екі-жақты кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға