Жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия арасындағы байланыс артуда

Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесті
Қазақстан мен Грузия арасындағы байланыс артуда
Фото: gov.kz 03.12.2022 17:30 1088

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Николоз Лалиашвилимен сенім грамоталары көшірмелерін тапсыруына байланысты кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында сындарлы саяси диалогта, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуде көрініс тапқан достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухындағы Қазақстан-Грузия қатынастарының үдемелі дамуы атап көрсетілді. 

Министрдің орынбасары 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тауар айналымының 7 есеге өсіп, 420 млн АҚШ долларын құрағанын баса айтты. Осыған байланысты бұл қарқынды сақтаудың маңыздылығы, оның ішінде Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырыстарын тұрақты түрде өткізу және сауда миссияларымен алмасу атап өтілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға