Қазақстан мен Франция президенттері Гиме азиялық өнер музейіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон Гиме азиялық өнер музейіндегі «Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары» көрмесін тамашалады.
Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін қамтитын артефактілер ұсынылған. Мәселен, бірінші кезеңде неолит дәуіріне жататын «Тобыл ойшылы» мүсіні қойылған, сондай-ақ Ботай мәдениеті мен жылқыны қолға үйрету дәстүрі бейнеленген. Екінші кезеңде «Алтын адам» әшекейлері арқылы сақтар мен сарматтар секілді алғашқы көшпелі тайпалардың, прото-мемлекеттердің пайда болуы сипатталған. Ал балбалтастар түркі қағанаттары кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан шежіресінен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары қазақ даласындағы ислам дінінің даму үрдісінен, Қазыбек бидің шапаны Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихынан сыр шертеді.
Гиме музейінің негізі 1889 жылы қаланған. Оның қорында Азия өнерінің ең құнды жәдігерлері жинақталған.
Қазақстан мен Франция президенттері Гиме азиялық өнер музейінде болды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды