Жаңалықтар

Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытады

Эстон канцлері елімізге ресми іссапармен келді
Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытады
Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 09.02.2023 01:08 567

Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытуға мүдделі, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Эстония мемлекетінің Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандтың елімізге ресми іссапары аясында Қазақстан-Эстония жұмыс тобының 2-ші отырысы өтті. Жиында екі елдің арасындағы көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтудың жолдары талқыланды.

Екі елдің ресми өкілдері Қазақстан мен Эстонияның көлік-транзиті бағытындағы ынтымақтастығын арттыруда теміржол тасымалының маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл ретте Балтық жағалауынан келген делегаттар Эстонияның теңіз академиясы Қазақстанның студенттерін оқытуға дайын екендерін жеткізді. Бұдан бөлек аталған кездесуде екі елдің көлік жүйелері мен желілеріне, сондай-ақ осы саланы реттеуге байланысты тың ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Эстония аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін дамыту, оның экономикалық пайдасы және бұл бағыттың жүктерді жеткізудегі уақыт тиімділігі мен тауар айналымы тұрғысынан басқа балама жолдармен салыстырғанда көп артықшылығы бар екені атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға