Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді
Фото: Сыртқы істер министрлігі 11.04.2024 23:17 252

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Минскке жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысының 2023 жылғы маусымда Минскіге ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қаралды.

Сіздің еліңіз Қазақстанның маңызды, уақытпен тексерілген стратегиялық серіктесі және біздің елдеріміз арасында тығыз жан-жақты байланыстар орнатылған. Біз достас Беларусьтің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз және тұрақты және үдемелі дамуына мүдделіміз, - деп мәлімдеді Мұрат Нұртлеу.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Машина жасау, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Біздің елдеріміз арасында белсенді көп деңгейлі сенімді диалог сақталып, дәйекті түрде жаңа мазмұнмен толтырылып тұрады, - деді Сергей Алейник.

Министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер желісі бойынша «сағаттарын теңестерді». БҰҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға