Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді

Қазақстан мен Әзербайжан ұлттық спорт түрлерін дамытуда күш біріктіреді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 13.09.2024 10:03 367

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелерін талқылады. Министр Қазақстан мен Әзербайжан спорттық білім беру, спорттық медицина және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын атап өтті.

Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі мыңнан астам жарыс өткізіледі. Қазіргі таңда біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, – деп атап өтті министр.

Кездесу соңында Фарид Гаибов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтып, тараптар арасындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға