Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан Қарулы күштерінің идеолог мамандары тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Әзербайжан Қарулы күштерінің идеолог мамандары тәжірибе алмасты
Фото: gov.kz 07.09.2023 06:27 457

Сапар аясында Әзербайжан Республикасы Қорғаныс ведомствосының өкілдері бірқатар әскери мекемелерде болып, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің қызметімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Әскери оқу орнында меймандар үшін экскурсия және біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасымен таныстыру ұйымдастырылды. 

Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әзербайжан әскерилерімен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов кездесті. 

Ол қонақтарға Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның құрылымы, қолданыстағы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі, психологиялық қызмет, ақпараттық, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар туралы айтты.

Полковник Ермиян Бятов әзербайжандық әріптестеріне «Астана – мәдениет керуені» халықаралық әскери оркестрлер музыкалық фестиваліне шығармашылық ұжымының қатысқаны және «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Әзербайжан командасының өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Дәстүр бойынша қонақтар ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға