Жаңалықтар

Қазақстан мен Армения экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Армения экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Фото: gov.kz 07.09.2023 05:35 989

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Армения Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қазақстан-армян сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің компаниялары арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді қатынастарды жандандыруға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

ҚР ҰЭМ басшысы Қазақстанның перспективалы кооперациялық жобаларды, оның ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы шеңберінде құруға мүдделілігін растады.

«Президент өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында инвестицияларды тарту, креативті индустрия мен IT саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Елдеріміз арасында ортақ шекара болмағанына қарамастан, бізде бизнес ынтымақтастықты жандандыру және IT өнімдерінің экспортын ұлғайтуға қажетті әлеует бар», - деп толықтырды министр.

Өз кезегінде, А.Гевондян мырза армян тарапының инвестициялық ұсыныстары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, Армения аумағында жұмыс істейтін «Альянс», «Меридиан» және «Мегри» еркін экономикалық аймақтары, сондай-ақ Гюмри қаласындағы логистикалық орталығы.

Қазақстан-Армения:

2022 жылы екіжақты тауар айналымы $41,6 млн. құрады.

Экспорт – $26,9 млн.

Импорт – $14,7 млн.

2023 жылғы қаңтар-маусымда тауар айналымы $21,3 млн. құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға