Жаңалықтар

Қазақстан МАГАТЭ-ні сотқа берейін деп жатыр ма? СІМ жауап берді

Қазақстан МАГАТЭ-ні сотқа берейін деп жатыр ма? СІМ жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 28.08.2023 17:12 1226

Бұған дейін Bloomberg ақпараттық агенттігі «Қазақстан – уранның ірі өндірушілерінің бірі, МАГАТЭ директорлар кеңесінде дауыстың жоқтығына риза емес және сот ісін қозғауға дайындалып жатыр» деп ақпарат таратқан болатын. Осыған қатысты Сыртқы министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл - сот арқылы талап ету емес, консенсустық қарар арқылы ұсыныс енгізу.  Қазақстан мүдделі елдермен және МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп, осы мәселені реттеу және ұйымға қатысушылардың консенсусқа негізделген құқықтық тетікті табу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз ядролық қаруға қарсы күрес ұйымы тарапынан үлкен құқықтық қолдауға ие болдық, - деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, Қазақстан 29 тамызда өтетін ұйым отырысында мүше мемлекеттердің дауыс беру құқығына байланысты ұсыныс-қарарын енгізеді. Онда Қазақстанмен бірге Израиль, Непаль, Бахрейн сияқты мемлекеттерге ұйымды басқару құқығын беру туралы айтылған.

Айта кетейік, Bloomberg ақпараттық агенттігі «Қырғи-қабақ соғыстың» ортасынан бастап әлемдік атом өнеркәсібінің қауіпсіздігін реттейтін ережелерді 35 мүшеден тұратын директорлар кеңесі жабық есік алдында қабылдады, оған кейбір ірі ойыншылар кірмей қалды», - деп жазған болатын.

Сондай-ақ агенттік «Әлемдік уранның бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан ядролық салада шешім қабылдау мәртебесін өзгертуге тырысып, сот ісін қозғауға ниетті. Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте оған екінші сорт ретінде қараудан шаршағанын және кеңесте орын алу үшін сот ісін жүргізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп жазды басылым.

Басылым мәліметінше, Қазақстан Кеңес құрамында дауыс беру құқығы жоқ 17 елдің бірі болып отырғанына разы емес.

Бұрынғы кеңестік республиканың талаптары 25 қыркүйекте Венада өтетін МАГАТЭ-нің кезекті конференциясында ұсынылатын болады. Ел өз құқығын алуға бағытталған қарар дайындайды, - дейді Bloomberg.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға