Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтардың күні мен басталу уақыты белгілі болды.
Турнирдің жартылай финалына «Қайсар», «Жеңіс», «Ордабасы» және «Алтай» командалары жолдама алды. 11 маусым күні өтетін алғашқы ойында «Қайсар» мен «Жеңіс» кездеседі. Матч 19:00-де басталады. Ал екінші жартылай финалда «Ордабасы» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды. Бұл кездесу 20:00-ге жоспарланған.
Жартылай финалға дейінгі жол
«Қайсар» (Қызылорда)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызылордалық клуб турнирді 1/16 финалдан бастап, алғашқы кезеңде «Талас» командасымен кездесіп, жеңіске жетті (2:0). 1/8 финалда «Қайраттан» 2:1 есебімен басым түсіп, сенсация жасады. Одан кейінгі шешуші матчтардың бірі – ширек финал болды. Бұл кезеңде «Қайсар» Қостанайдың «Тобыл» клубымен кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнады. Пенальти сериясында қызылордалықтар 5:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
«Жеңіс» (Астана)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астаналық клуб алғашқы кезеңде «Хромтау» командасымен ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда «Оқжетпесті» 3:2 есебімен қапы қалдырды. Ширек финалда «Жеңіс» Петропавлдың «Қызылжар» клубын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті.
«Ордабасы» (Шымкент)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шымкенттік клуб Кубок жолын «Академия Оңтүстік» (4:2) командасына қарсы матчпен бастады. 1/8 финалда «Каспий» клубын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда «Ордабасы» «Жетісу» командасын 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Матчтағы жалғыз голды Абагна соқты.
«Алтай» (Өскемен)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өскемендік клуб алғашқы кезеңде «Zhelayev Nan» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда «Ұлытауды» айналып өтті. Ширек финалда «Алтай» фавориттердің бірі «Ақтөбе» клубымен ойнап, негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетіп, сенсация жасады.
Жартылай финалға шыққан 4 клубтың ішінде үшеуі бұрын кубок иегері болған. «Жеңіс» (Астана) клубы Қазақстан кубогын 3 рет жеңіп алған. «Ордабасы» (Шымкент) – ел кубогының 2 дүркін жеңімпазы.
Айтпақшы, 2025 жылғы финалда ойнап, бірақ «Тобылдан» жеңілді. «Қайсар» (Қызылорда) Қазақстан кубогын 2 рет ұтқан.