Жаңалықтар

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

17.05.2025 22:38 10918
Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті.

Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бұл бағдарламада ел намысын Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағанбетова, Кристина Чепульская және Жасмин Жүнісбаева қорғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға