Жаңалықтар

Қазақстан консулдық қызметінің хронологиясы туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бұл туралы СІМ мәлім етті
Қазақстан консулдық қызметінің хронологиясы туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Фото: gov.kz 26.01.2023 11:00 1331

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан консулдық қызметінің хронологиясы туралы кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кітап тәуелсіз Қазақстанның консулдық қызметінің қалыптасу тарихын сипаттайды. Басылымға еліміздің консулдық қызметінің негізін қалауға және дамытуға зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлері, елшілер мен дипломаттардан тұратын авторлық ұжымы баяндаған тарихи очерктер, әңгімелер мен фактілер кіреді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш, дипломатиялық қызмет ардагері Бағдат Сейтбатталов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ сыртқы саяси ведомствосының ұжымы қатысты.

Тұсаукесерге шақырылған қонақтар кітапта сипатталған консулдық қызмет өкілдерінің күнделікті жұмысында кездесетін әртүрлі оқиғалары мен өмірлік жағдайларына, соның ішінде жаһандық пандемия кезіндегі, жанжал ошақтарындағы және шетелде басқа да түрлі жағдайлардағы қызметіне үлкен қызығушылық танытты. Консулдық қызметінің іргетасы әлемнің кез келген жерінде ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау екені атап өтілді.

Тұсаукесерден кейін автограф-сессиясы барысында қонақтарға кітаптар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға