Жаңалықтар

Қазақстан хоккейшілері Словакиядан басым түсті

Қазақстан хоккейшілері Словакиядан басым түсті
Фото: ҚР хоккей федерациясы 20.05.2023 12:20 539

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионы аясында Ригада Словакияны буллиттен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шайба шеберлері алғашқы кезеңде ойынды бірден тартысты бастады. Словакия құрамасынан Патрик Кох 14-минутта есеп ашып, командасын алға шығарды. Таблодағы есеп бұдан кейін көпке дейін өзгерген жоқ. Екінші кезеңде Қазақстан хоккейшілері үш шайбаны торға тоғытып, есеп бойынша алға шыққан еді. Роман Старченко (21-минутта), Валерий Орехов (24-минутта), Евгений Рымарев (25-минутта) мергендік танытып, жанкүйерлерді қуанта алды.

Үшінші кезеңде словакиялық Рихард Паник 48, Павол Регенда 56-минутта шайба соғып, таразы басын тең есепке жеткізді. Осылайша кездесу 3:3 есебімен аяқталып, тартыс овертаймда жалғасты. Алайда қосымша уақытта қос командаға да жеңіс бұйырған жоқ. 

Алайда буллитте Қазақстан мүлт кеткен жоқ. Сөйтіп, қарсыласын 4:3 есебімен жеңіп кетті. 

Ұлттық құраманы жаттықтыратын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері осы чемпионат дивизиоында буллиттен екінші рет жеңіске жетті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға