Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.10.2023 15:25 1800

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Болжам бойынша, 20 миллионыншы қазақстандық қараша айында дүниеге келеді. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 20 миллионыншы қазақстандық қай өңірде дүниеге келетініне болжам жасап жатыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 946 944 адам болды. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 368 662, ауыл тұрғындары – 7 576 064 адам. Әйелдер 10 205 957 болса, ерлер 9 738 769-ға жетті.

Биылғы тоғыз айда 258 011 адам дүниеге келіп, 85 989 адам қайтыс болған. 17 200 адам елге көшіп келсе, 11 303 адам көшіп кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға