Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Фото: 24.kz 01.02.2023 17:46 1395

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.

Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – 6 946.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға