Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды
Фото: El.kz 17.07.2023 15:45 975

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам - қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам - ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.

Оқи отырыңыз:

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі - 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға