Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 7 айлық нәрестенің бауыры алмастырылды

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 7 айлық нәрестенің бауыры алмастырылды
Фото: «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметі 28.04.2023 17:52 841

Астана қаласында 7 айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Нәрестеге туған әкесі донор болған.

«Қазақстан халқына» қоры балаға ағза ауыстыру үшін Жапония мен Непалдан мамандарды шақыртып, қайырымдылық көмек көрсетті. Операция «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында жасалды.

Ұлыма бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері трансплантацияны емдеудің ең тиімді әдісі деп айтты. Әрине, мұны естігенімізде баламыздан айырылып қаламыз ба деген қорқыныш болды. Жұбайым донор болуға мүмкіндігі бар екенін білген соң, дәрігерлерге сеніп, барлық анализдерді бірден тапсырып, дайындықты бастап кеттік. Операциядан аман-есен өтіп, бір жеңілдеп қалдық. Қорқыныш болды, бірақ сеніміміз алдамады. Сондықтан баламды аман сақтап қалған Ана мен бала орталығының барша дәрігеріне алғыс айтамыз, – деп атап өтті балының анасы Қарлығаш.

Операция сәтті өткен. Жағдайы тұрақталған соң бала мен әкесі ауруханадан шығарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға