Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры биыл 850 білім грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоры биыл 850 білім грантын бөлді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.08.2023 02:25 973

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан адамдар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.

Құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.

Ескерту: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға