Жаңалықтар

Қазақстан-Гонконг инвестициялық бизнес-форумы өтті

Қазақстан-Гонконг инвестициялық бизнес-форумы өтті
Фото: ҚР СІМ 22.04.2023 21:19 787

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум Гонконг қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап. 

Форумға Гонконг Үкіметінің, жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері және сауда, қаржы, логистика, өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерінің импорты салаларында мамандандырылған компаниялар қатысты. 

Іс-шара барысында «Kazakh Invest», Астана халықаралық қаржы орталығы, «QazTrade» және басқа да отандық ұйымдардың басшылығы сөз сөйлеп, қатысушыларды еліміздің бизнес климаты мен ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. 

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконгтың бизнес қауымдастығы тығыз қарым-қатынастарды орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға келісті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға