2 Қазақстан гендер теңдігінен әлемде 65-ші орынға көтерілді – Аида Балаева - el.kz

Жаңалықтар

Қазақстан гендер теңдігінен әлемде 65-ші орынға көтерілді – Аида Балаева

Қазақстан гендер теңдігінен әлемде 65-ші орынға көтерілді – Аида Балаева
Фото: El.kz 21.12.2022 14:41 1981

«Медиа саласындағы әйелдер: азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі» панельдік сессиясында медиадағы әйелдердің орны туралы айтылды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде әйелдер қауымы азаматтық қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Елімізде әйел басшыларының орны ерекше. Панельдік сессияда осы тақырып төңірегінде бірқатар мәселелерге жауап берілді.

Алғашқы болып сөз алған ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, бұрынғы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекетпен және азаматтық қауымдастықпен бірлесе гендерлік теңсіздікті жеңуге қол жеткізіп отырмыз деп атап өтті.

«Бізде халықаралық рейтингтерде 2021 жылдың қорытындысы бойынша гендерлік теңсіздіктің индексі бойынша Қазақстан 146 елден 65-ші орынға көтерілді. Қазіргі кезде әйелдердің тұрақты жұмысын ілгерлетуге көңіл аударып отырмыз. Оның ішінде отбасылық гендерлік саясат бар. 2030 жылға дейінгі бағдарлама бойынша гендерлік теңсіздікті жолға қою және көтеру бағытында жұмыс жасайтын боламыз. Бүгінде 1700-ге жуық әйел басшылар бар, яғни олардың 32 пайызға жуығы телеканалдар мен басылымдардың басшылары болып табылады», - деді.

Сондай-ақ, ол әйелдің бейнесі кинода қалай берілу қажеттігіне тоқталды.

«Менің ойымша гендерлік теңдікті қалыптастыру жақсы бір бағыттың бірі. Соңғы кезде ОА және Қазақстанда мынадай ескерту бар. Яғни, табысты әйелдердің моделін қалыптастыру бағытында әйелдердің рөлі берілуде және гендерлік стеротивтердің берілу бағытында көптеген ілгерлеу бар. Әйелдердің рөлінде оның ішінде, отандық фильмдерде ана образы, ішкі жан-дүниесінің ауыртпалығы, басты кейіпкердің сүйікті ісі ретінде көрсетіледі. Біраз фильмдерде әйелдердің табысты, іскер образы бейнеленуде.

2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұжырымдаманы жариялаған болатын. Бұл тұжырымдама қолданысқа еніп, жүзеге асырылуда. Ірі әлеуметтік зерттеулер өзінің нәтижесін беріп отыр. Әлеуметтік желі арқылы да көрініп отыр», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға