Жаңалықтар

Қазақстан футзалшылары Әзербайжанмен ойында камбэк жасады

Қазақстан футзалшылары Әзербайжанмен ойында камбэк жасады
Фото: © ҚФФ 12.10.2023 01:31 672

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Әзербайжан құрамасымен өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кака бапкер бұл ойында мына құрамға сенді: Игита, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов, Серіков, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Тайбасаров, Дәрібай, Әбдіманапұлы.

Матчтың басында Әзербайжан ойыншылары 2:0 есебімен алда тұрған. Дегенмен үзіліске дейін жерлестеріміз таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Лео алыстан шірене тартса, сосын Біржан Оразов мергендік танытты. Екінші таймда Дуглас жеңіс голын соқты.

Сөйтіп, Қазақстан 4 ойында 12 ұпай жинап, жеке-дара көш бастады.

Қазақстан – Әзербайжан – 3:2

Голдар: Амадеу, 4 (0:1). Галло, 8 (0:2). Лео, 13 (1:2). Оразов, 18 (2:2). Дуглас Жуниор, 22 (3:2).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға