Жаңалықтар

Қазақстан футзал қауымдастығына жаңа президент сайланды

Қазақстан футзал қауымдастығына жаңа президент сайланды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 08.06.2023 18:33 691
Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті болып футзалдан белгілі төреші Талғат Қосмұхамбетов сайланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Талғат Қосмұхамбетов – Қостанайдың «Тобыл» футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде 2001-2005 жылдар аралығында қостанайлық «Тобыл» сапында ойнаған.

2011-2017 жылдары «Тобыл» ФК директорының орынбасары, 2019-2020 жылдары «Астана» ФК қаржы директоры қызметін атқарған.

Қосмұхамбетов 2022 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаменті директорының орынбасары міндетін атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан футзал қауымдастығының Футзал және инспекция департаментінің директоры қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде Талғат Қосмұхамбетов футзалдан Қазақстан чемпионатының көптеген матчтарына төрелік етті. 2014 жылдан бастап ФИФА санатын алып, футзалдан Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы, Әлем суперкубогы, студенттер арасында әлем чемпионаты, әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының ойындарында төрелік етті. Сондай-ақ әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында қызмет атқарды. Төрт рет Қазақстанның үздік төрешісі деп танылды, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін ҚФҚ президенті қызметін атқарған Төлеуғали Тайтөлеев қауымдастықтың құрметті президенті қызметіне ауысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға