Жаңалықтар

Қазақстан футболшылары Грекия құрамасынан ірі есеппен ұтылды

Қазақстан футболшылары Грекия құрамасынан ірі есеппен ұтылды
Фото: instagram.com/euro2024 22.03.2024 03:28 548

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-оф кезеңінде Қазақстан құрамасы Грекия құрамасынан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Афиныда өткен ойында отандастарымыз 5:0 есебімен есе жіберіп, өз мүмкіндігінен толық айырылды. Ойын барысында алаң иелері бірінші таймда 4 гол соқса, екінші таймның соғына таман автоголмен 5-ші доп қақпаға кірді. Осылайша отандық аяқдоп шеберлері гректерге қарсы жауап қата алмай, ірі есеппен жеңілуге мәжбүр болды. 

Бұл ойында жеңіске жеткен Грекия құрамасы 26 наурыз күні шешуші матчты Грузияға қарсы өткізеді. Аталған матч жеңімпазы жазда өтетін Еуропа чемпионатының жолдамасына иелік етпек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға