Жаңалықтар

Қазақстан футболшылары Финляндиядан шешуші сәтте басым түсті

Қазақстан футболшылары Финляндиядан шешуші сәтте басым түсті
Фото: Ашық дереккөзден 18.10.2023 00:20 426

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Финляндиядан басым түсті. Осылайша Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама фин жерінен қажетті 3 ұпайды олжалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңыздағы матчтағы ойын 90 минут бойы аса тартысты өтті. Бірінші таймда алаң иелері басымдық таныпы, бір гол соқты. Жартылай қорғаушы Роберт Тэйлор 28 минутта есеп ашып, құрамасын алға шығарды. 

Ал екінші таймда отандастарымыз бірнеше рет оңтайлы сәтті мүлт жіберіп алды. Әрі финляндиялық ойыншылар да қауіпті сәт тудырды. 

77 минутта пенальтиді сәтті орындаған Бақтияр Зайнутдинов есепті теңестірді. Ал 89 минутта Р.Оразовтың пасын қақпада тулатқан Б.Зайнутдинов Қазақстанға жеңіс сыйлады.  

Еуропа чемпионатының іріктеу сындарында Қазақстан құрамасы 8 ойында 12 гол соқты. Әзірге ұлттық құрама қоржынында 15ұпай бар.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға