Жаңалықтар

Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада арнайы автобустар стадионға қатынайды

Қазақстан – Финляндия ойыны: Астанада арнайы автобустар стадионға қатынайды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 07.09.2023 16:16 716

Бүгін, 7 қыркүйек күні, «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан – Финляндия іріктеу кезеңінің өтуіне байланысты жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан арнайы шаттл-автобустар жүреді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Автобустар мынадай орындардан қатынайды:

- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.

Оқи отырыңыз:

Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.

Сондай-ақ матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамады тұрады.

Бұған дейін аталған матчқа билеттер 50 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға