Жаңалықтар

Қазақстан – Финляндия матчының төрешілері анықталды

Қазақстан – Финляндия матчының төрешілері анықталды
Фото: Scor.md 04.09.2023 16:28 818

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчына төрелік ететін төрешілер бригадасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ойынның бас төрешесі – румын Раду Петреску. Ал оған оның отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан – Финляндия матчы 7 қыркүйек күні «Астана Аренада» өтеді. Басталу уақыты: жергілікті уақытпен 20:00-де.

Төрт ойыннан соң Финлияндия Н тобында 9 ұпаймен көш басында тұр. Қазақстанда да тоғыз ұпай бар, дегенмен финдерге қосымша көрсеткіштер бойынша есе жіберіп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға