Жаңалықтар

Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды – Тоқаев

Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды – Тоқаев
Фото: Ақорда 06.10.2024 10:05 470

Журналистер президенттен биыл көктемдегі алапат су тасқынынан кейін қандай қорытынды жасалғанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті қорытынды жасалды. Бірақ мұндай табиғат апаты бүкіл жер шарында орын алып жатқанына баса мән беруіміз керек. Жақында ғана Орталық Еуропада алапат тасқын өтті. Оның алдында АҚШ пен Вьетнамда дауыл болды. Сондықтан мұндай апаттарды алдын ала болжау қиын. Дегенмен ондай жағдайға дайын болып, қажетті шаралар қабылдау маңызды. Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды. Мұны ашық айту керек. Біз адам және қаржы ресурстарын осы іске жұмылдырдық. Үкімет пен әкімдер белсенді жұмыс істеді. Оның нәтижесін көріп отырсыздар. Алапат тасқын кезінде зардап шеккен азаматтар жаңа баспанамен қамтылды. Мен бұған дейін ешкім назардан тыс қалмайды деп уәде бердім. Жалпы алғанда, біз бұл мақсатты орындадық,– деді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға