
Қазақстан елшісі Владимир Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды
14.06.2025 21:44
1576
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.
Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланған.