Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 4,9% өсті

Қазақстан экономикасы 4,9% өсті
Фото: t.me/KZgovernment 13.09.2023 09:27 482

Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстан экономикасы 4,9% өсті.

Атап айтқанда, нақты сектордағы өсім 4,4%-ды, қызмет көрсету саласында – 4,8%-ды құрады.

Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жақсы көрсеткіштерді көрсетеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2%-ды құрады.

Қаңтар-шілдеде республиканың сыртқы сауда айналымы 5,7%-ға өсіп, $79,5 млрд-ты құрады.

Экспорт $44,8 млрд-қа жетті, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты – $14,2 млрд-қа, ал импорт – $34,7 млрд-қа, жалпы алғанда, оң сауда балансы $10 млрд-қа тең.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға