Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошысы Душанбе Гран Приінде жүлде алды

Қазақстан дзюдошысы Душанбе Гран Приінде жүлде алды
Фото: ijf.org 03.06.2023 16:56 899

Душанбеде өтіп жатқан Гран при турнирінде маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан 66 келіде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстаулық балуан алғашқы белдесуінде израильдік Даниэль Капелушниктен басым түсті. Екінші айналымда татами иесі, тәжік дзюдошысы Нұрәли Эмомалиді сан соқтырды. Ал ширек финалда ресейлік балуан, жеке бейтарап құрама атынан белдескен Мұрат Шопановқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуіне мүмкіндік туды. 

Жұбаныш белдесуінде С.Жұбатқан ұлыбританиялық Йонг Чарлиді қапы қалдырып, қола жүлде үшін күресуге жолдама алған болатын. Жауапты белдесуде ұлттық құрама мүшесі испаниялық Ниэто Чинарро иппонмен ұтты.

Осы салмақта күрескен тағы бір қазақстандық балуан Әнуар Жұмагелдин алғашқы айналымда моңғол балуанынан айласын асыра алмай, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Бұдан бөлек Душанбе Гран Приінде 60, 73, 81 келіде күрескен ұлттық құрама мүшелері сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдеден тыс қалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға