Жаңалықтар

Қазақстан дзюдошылары бүгін Венгриядағы халықаралық турнирде сынға түседі

Қазақстан дзюдошылары бүгін Венгриядағы халықаралық турнирде сынға түседі
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 10.02.2024 13:53 526

10-11 ақпан күндері Венгрияның Дьёр қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында European Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Еліміздің дзюдо федерациясының мәліметінше, аталған жарысқа әлемнің 36 елінен 399 татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Байрақты бәсекеге Қазақстан ерлер құрамасы төмендегідей тізіммен қатысады. Оның ішінде 60 келіде Қанат Сейілхан, Шерзод Давлатов, Нұрдәулет Мирамбеков, Дамир Болатбеков, 66 келіде Еламан Сұлтанбай, 73 келі Барыс Қуан, Саят Сейітқалиев, Ислам Тоқтасын, Ермек Амангелді, Темірлан Сағындықов, 81 келі Ерзат Арғынов, 90 келіде Қазыбек Рақышев, Аян Байғазы, 100 келіде Ермұхан Естай, +100 келі: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов белдеседі. 

Сондай-ақ, 1-3 наурыз күндері Ташкентте өтетін Гранд Слэм турнирінде белдесетін Қазақстан құрамасының тізімі жария болған еді. Ерлер сапында 14 балуан күрессе, әйелдер құрамасынан 12 татами шебері Өзбекстан астанасында сынға түседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға