Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылғы спорт маусымын қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді, федерация мамандарын марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өткен шараға ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысқан болатын.
Дзюдодан биыл үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарынан жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Абиба Абужақыноваға 5000$, Мағжан Шамшадин, Эсмигүл Куюлова, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан 3 мың АҚШ долларын табыстады. Сондай-ақ, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали мен Талғат Орынбасар - 1500$, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев - 1 000 000 тг, Балғабай Досбол - 400 000 тг, Сабина Юлдашбекова - 500 000 тг, Оралбек Байзақ - 400 000 тг, Берікбол Жұманбековке 400 000 тг мөлшеріндегі сертификат тапсырылды.
Бұдан бөлек, биылғы спорт маусымында жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін Камила Берліқаш пен Ғалия Тынбаева, сондай-ақ бапкерлер құрамы, Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев бастаған Қазақстан ұлттық құрама командаларының бапкерлер қосыны, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының аға жаттықтырушылары, ұлттық құраманың массажист, дәрігерлері, федерация қызметкерлері де марапатқа ие болды.
Қазақстан дзюдо федерациясы спорт маусымын қорытындылады
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?