Жаңалықтар

Қазақстан демократиялық қоғам құруға қадам жасап жатыр - Борис Волосатый

Қазақстан демократиялық қоғам құруға қадам жасап жатыр - Борис Волосатый
Фото: El.kz 19.03.2023 15:17 862
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында халықаралық бақылаушылар еліміздегі сайлауда демократияның сақталуын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Халықаралық сарапшы Борис Волосатый сайлау учаскелерін бақылап, Қазақстандағы демократияға баға берді.
 
Мен Қазақстанның тарихындағы айтулы саяси шараға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бүгін сайлау учаскесіне барып бірінші кездескен адамнан сайлауға не үшін қатысып жатқанын сұрадым. Ол маған бірден “Мен Қазақстанмен бірге демократиялық және сөз бостандығы сақталған Қазақстанның болашағына маңызды қадам жасап жатырмын” деп жауап берді. Менің ойымша, осы жауап арқылы ол қазақстандықтардың саяси додадан не күтетінін айтты, - деді ол.
 
Халықаралық байқаушы сондай-ақ сайлаудың өту деңгейіне жоғары баға берді.
 
Бірнеше сайлау учаскелерін аралап, дайындықтың жоғары деңгейде екеніне көзім жетті. Әсіресе сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлер өз міндеттерін жақсы біледі. Адамдар тізімнен өздерін таба алмаған кезде олар оның қай учаскеде тіркелгенін жедел түрде анықтап берді. Кейбір азаматтар өздерінің учаскелерін шатастырып алып жатты. Қазақстан демократиялық қоғам құруға қадам жасап жатыр. Мұны Президент сайлауы кезінде де байқаған болатынбыз. Қазақстан дұрыс бағытта. Қазақстан - Румыния үшін қызығушылығымызды оятып отырған серіктес”,- деді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға