Жаңалықтар

Қазақстан Coursera білім беру рейтингінде 31 орынды иеленді

Қазақстан Coursera білім беру рейтингінде 31 орынды иеленді
Фото: © El.kz 21.07.2023 10:30 535

Coursera онлайн білім беру алаңы Global Skills Report 2023 жаңа есебін жариялады. Баяндамада орналастырылған курстарға сұраныс және оларды тыңдаушылардың сәтті өтуі зерттелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, Қазақстан жалпы әлемдік есепте 31-орынды иеленген. Баяндамада Қазақстанда білім алушылар технологиялық дағдылар бойынша жетістікке жетіп жатқаны, Technology көрсеткіші 96% құрайтыны атап өтілген.

Оқи отырыңыз:

«Рейтинг құраушылар келесі білім санаттарын қарастырады:

Business – менеджмент, коммуникация, қаржы және бухгалтерлік есеп сияқты бизнесті басқаруға қатысты дағдылар;

Technology – ІТ-жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы құру, қолдау және масштабтау үшін қажетті дағдылар;

Data Science – шешімдер қабылдау үшін немесе әзірленіп жатқан өнімдер мен қызметтерде компаниялар жасаған білімді жинау және пайдалану дағдылары.

2023 жылы зерттеу базасын әлемнің 100 елінен 124 млн студент құрады», - деп жазды министр.

Бұл рейтингтегі позицияны арттыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің 25 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларында 600-ден астам курстарды енгізу арқылы цифрлық экономика үшін 20 000 студент пен оқытушыны даярлау жөніндегі бастамасы ықпал етуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға