Жаңалықтар

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар анықталды

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар анықталды
Фото: Астана ФК 07.06.2023 15:50 528

Transfermarkt Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың жазында аяқдоп шеберлерінің құны түскен. «Астананың» гамбиялық шабуылшысы Дембо Дарбо елімізге әлі де бейімделу процесінде болса керек, жаңарған рейтингте бірден 700 мың еуроға арзандаған. Сөйте тұра ол 1,8 миллион еуромен ел біріншілігінде футболшылар арасында көш бастап тұр.

Екінші орында «Ақтөбе» ойыншысы – Максим Самородов. Жас шабуылшы сапалы ойын өрнегімен көптің көңілінен шығып жүр. Оның құны 450 мыңнан 700 мың еуроға өскен.

Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылар:

Дембо Дарбо («Астана») - 1,8 миллиона еуро (-700 мың);

Макс Эбонг («Астана») - 1,2 миллиона еуро;

Игорь Сергеев («Тобол») - 1,2 миллиона еуро (-200 мың);

Алекса Аманович («Астана») - 1 миллион еуро (+200 мың);

Бобир Абдихоликов («Ордабасы») - 1 миллион еуро;

Ауро («Ордабасы») - 1 миллион еуро;

Вараздат Ароян («Астана») - 1 миллион еуро;

Абат Айымбетов («Астана») - 900 мың еуро (+100 мың);

Камо Оганесян («Астана») - 900 мың еуро (-100 мың);

Асхат Тағыберген («Ордабасы») - 850 мың еуро (+100 мың);

Максим Самородов («Ақтөбе») - 700 мың еуро (+250 мың);

Артур Шушеначев («Қайрат») - 700 мың еуро (+100 мың);

Пернамбуко («Қызыл-Жар») - 700 мың еуро (+200 мың);

Темірлан Ерланов («Ордабасы») - 700 мың еуро (+100 мың);

Әлібек Қасым («Ақтөбе») - 650 мың еуро (+100 мың);

Эльхан Астанов («Астана») - 600 мың еуро;

Мамаду Мбодж («Ордабасы») - 600 мың еуро (+150 мың);

Сергей Малый («Ордабасы») - 600 мың еуро (-150 мың);

Игорь Шацкий («Шахтер») - 600 мың еуро.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға