Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Нью-Делиде алтын жүлде үшін бақ сынайды

Қазақстан боксшылары Нью-Делиде алтын жүлде үшін бақ сынайды
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 24.03.2023 10:50 344

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды. Енді Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) алтын медаль үшін таласады.

Ал Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға