Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Жарыстың бірінші күнінде екі қазақстандық боксшы жекпе-жегін сәтті аяқтады
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz 18.01.2023 16:21 1399

Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған турнирді еліміздің ересектер құрамасының көшбасшыларының бірі Санжар Ташкенбай ашты. Титулды және талантты боксшы 48 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевті жеңді. Оның артынан Бангкок рингіне тағы бір боксшымыз Махмуд Сабырхан шықты, ол ЧА-2023 стартында 57 келіге дейінгі салмақта өзбек Мырзабек Мырзахалиловты жеңді.

19 қаңтарда ЧА-2023 кестесі бойынша шаршы алаңға қыздар да шығады:

  • 48 кг Анель Құдайберген - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
  • 50 кг Мөлдір Тойкова - Мариэль Таландрата (Филиппин)
  • 52 кг Жансая Рахимберды - Тхи Хой Нгуен (Вьетнам)
  • 57 кг Виктория Графеева - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд).

Азия біріншілігі 26 қаңтарда аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға