Қазақстан бессайыстан Париж олимпиадасының тағы бір лицензиясын иеленді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.09.2023 16:38
557
Ханчжоуда қазіргі бессайыста ерлер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандықтардың үздігі Георгий Борода-Дудочкин 10-орын алды.
Дегенмен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия иеленді.
Ереже бойынша лицензияны үздік 5-ке кірген спортшылар алады.
Бірақ ол бір ғана елге беріледі. Қорытынды хаттамада қазақстандық Қытайдан, Жапониядан және Оңтүстік Кореядан бірнеше спортшыны алға жіберіп алды, сондықтан Париж-2024-ке лицензия әр елдің бір спортшысына берілді.
Осылайша олардың артынан келген Қазақстан мен Таиландқа лицензия бұйырды.
Айта кетейік, таңертең Париж-2024 лицензиясын Елена Потапенко 5-орын алып, лицензия иеленген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға