Жаңалықтар

Қазақстан байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Қазақстан байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионатында 30 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 18.06.2024 13:51 518

Таиландтың Район аймағында байдарка мен каноэде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшылар құрлық турнирін сәтті аяқтады. Азия біріншілігінен жалпы есебі 30 медаль жеңіп алды. 

Біздің ескекшілердің еншісінде 11 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль бар. 

Турнирге 17 елден спортшылар қатысты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға