Жаңалықтар

"Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа лауазымға тағайындалды

"Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа лауазымға тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден 03.09.2023 13:27 1810
"Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 
Жамбыл облысыәкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", - деп жазылған ақпаратта.
Бейбіт Ыстыбаев Жамбылоблысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы туған. Ол 2012, 2015, 2016 жылдары  "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанды. Сондай командалық сында Еуразия барысында топ жарған. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға