Жаңалықтар

"Қазақстан барысы" турнирінің финалдық кезеңінде 41 балуан белдеседі

"Қазақстан барысы" турнирінің финалдық кезеңінде 41 балуан белдеседі
Фото: "Қазақстан барысы" қоры 28.06.2023 18:46 847

Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі 2 шілде күні Астанада өтеті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Айтулы бәсекеге еліміздің әр өңірінен 41 балуан қатысқалы отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылдан кейін ең көп спортшы қатысқан турнир болғалы отыр.  

Ұлттық күрестің финалдық кезеңінде Руслан Әбдіразақов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай, Мақсат Исағабылов сынды апайтөс спортшылар белдеспек. 

Жарыс 2 шілде күні сағат күндізгі 12:00-де Астанадағы "Барыс-Арена" спорт кешенінда басталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға