Жаңалықтар

"Қазақстан барысы" турнирінде алғашқы айналымда жеңіске жеткен балуандар белгілі болды

"Қазақстан барысы" турнирінде алғашқы айналымда жеңіске жеткен балуандар белгілі болды
Фото: «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры 02.07.2023 15:16 748

«Қазақстан Барысы – 2023» бірінші және екінші айналымының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Қазақстан Барысы – 2023» республикалық турнирінің бірінші және екінші айналымының нәтижелері бойынша алғашқы жеңімпаздар есімі белгілі болды. Балуандар Астанадағы финалдық бәсекенің алғашқы екі айналымында бақ сынасты.

Бірінші және екінші айналым жекпе-жектерінің нәтижесі бойынша келесі кезеңге 18 балуан өтті. Оның ішінде Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент, 94 кг), Жігер Сәкенұлы (Жетісу облысы, 105 кг), Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы, 155 кг ), Мұхтар Дәлелханұлы (Павлодар облысы, 115 кг), Ақжігіт  Оралов (Қарағанды облысы, 135 кг), Марат Байкамуров (Әскер барысы, 106 кг), Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы, 105 кг), Ғалымжан Қырықбай (Әскер барысы, 145 кг), Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды облысы, 90 кг), Алмас Жұмағали (Қостанай облысы, 118 кг), Алтынбек Аусағитов (СҚО, 100 кг), Руслан Әбдіразақов (Жетісу облысы, 120 кг), Данил Федоров (Жамбыл облысы, 105 кг), Рысбек Азат (Жамбыл облысы, 98 кг), Нұғұмат Ерасыл (Ұлытау облысы, 90 кг), Арман Қалиев (Атырау облысы, 109 кг), Нұрғали Жолтаев (Алматы облысы, 106 кг), Шамшиев Саят (ШҚО, 108 кг) сынды бозкілем шеберлері бар.

Елордада Астана күніне орай қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі өтіп жатыр. Жарысқа өңірлерде іріктеу кезеңдерінен өтіп, «Қазақстан барысы – 2023» финалына жолдама алған мықты палуандар қатысады. Қазақ күресінен республикалық турнир 2011 жылдан бері тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді.

Әр өңірден екі спортшыдан қатысады, олар абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Биыл қатысушылар саны 41 палуады құрады. Олардың қатарында еліміздің әр өңірден екі спортшыдан, сондай-ақ, «Әскер Барысы» күш құрылымдары арасындағы турнирдің және өткен жылғы іріктеудің жеңімпаздары бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға