Жаңалықтар

Қазақстан балуаны Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Қазақстан балуаны Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 13.04.2024 19:02 619

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында 59 келіде белдескен қазақстандық Диана Каюмова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Д.Каюмова үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Пушпа Ядайды 11:8 ұпайымен жеңді Сөйтіп ол сары құрлық біріншілігінің жүлдесіне қол жеткізді. 

Отандасымыз бүгінгі белдесуде оңтүстіккореялық балуанмен белдесуге шыққанымен, қарсыласының бас тартуына байланысты келесі кезеңге шықты. Өкінішке қарай, Диана Моңғолия спортшысынынан ірі есеппен ұтылып, финалға шыға алмады.Бірақ қола жүлде үшіні күресте өзіне берілге мүмкіндікті құр жібермей, әйелдер құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салып отыр. 

Сондай-ақ, бүгін 55 келіде Зульфия Яхьянова үшінші орын үшін белдесуде қырғыз балуанына 5:3 есебімен жол берді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға