Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың саны айтарлықтай азайды

Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың саны айтарлықтай азайды
Фото: t.me/aqorda_resmi 25.04.2024 11:40 153

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің көк паспортымызға еліміздің тұғыры саналатын басты құндылықтардың бәрі сыйып тұр. Оны бүкіл әлем заманауи озық мемлекеттің құжаты ретінде таниды. Қазақстан азаматтары ондаған мемлекетке визасыз бара алады және біздің табанды жұмысымыздың арқасында мұндай елдердің қатары көбейіп келеді, - дейді мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұрғанын және бұл жаман көрсеткіш емес екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны айтарлықтай азайды. Осының бәрі еліміздің тұрақты дамып келе жатқанын, біздің елге қызығушылықтың арта түскенін және мемлекетіміздің халықаралық беделі жоғары екенін көрсетеді, - дейді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға