Жаңалықтар

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияға қарсы дайындығын бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияға қарсы дайындығын бастады
Фото: ҚФФ 25.05.2024 19:10 571

Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы екі матчқа дайындығын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Мадияр Кембілов командасының оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтеді. 28 мамырда Қазақстан құрамасы Арменияға жолға шығады. 

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын толық құраммен бастаған жоқ. Юлия Мясникова, Мария Демидова, Аида Гайстенова мен Анастасия Низамутдинова команда қатарына алдағы күндері қосылады.

Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.

Футболдан Қазақстан W құрамасының ойындар күнтізбесі:

31.05.2024

Армения W – Қазақстан W 

Армавир стадионы, Армения

4.06.2024

Қазақстан W – Армения W

Орталық стадион, Алматы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға