Жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Фото: t.me/KZgovernment 09.10.2023 12:43 565

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға