Жаңалықтар

Қазақстан ашық деректер рейтингінде 48-орынға көтерілді

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстан ашық деректер рейтингінде 48-орынға көтерілді
Фото: dubaieye1038.com 17.02.2023 19:46 1140

Қазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы балы деректерді қамту бойынша 57-ден 59-ға, деректердің ашықтығы бойынша 65-тен 68-ге дейін артты. Рейтинг елдің статистикалық ұсыныстарының толықтығын және олардағы ақпараттың халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестігін бағалайды.

Рейтинг қорытындысы бойынша Сингапур бірінші орынды иеленді, одан кейін Дания мен Финляндия.

Open Data Inventory (BDI) Дүниежүзілік ашық деректер рейтингі Open Data Watch халықаралық коммерциялық емес ұйымы тарапынан әзірленеді. ODIN ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынталандыру үшін ресми статистиканың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға