Жаңалықтар

Қазақстан альпинизмнен әлем чемпионы атанды

Ел құрамасы Верный шыңына (5 250 м) алғашқы болып шықты
Қазақстан альпинизмнен әлем чемпионы атанды
Фото: falp.kz 20.12.2022 12:00 1161

Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы биіктікке көтерілу класындағы альпинизмнен әлем чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Бірінші орынды қиындық категориясы 6Б солтүстік-батыс қабырғасы бойынша Верный шыңына (5 250 м) алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы иеленді.

Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді. Команданы спорт шебері Максим Тен басқарды, жаттықтырушылар - спорт шеберлері Артем Скопин және Вячеслав Титов. Бүкіл бағыттың ұзындығы - 1 670 м, биіктік айырмашылығы – 910 м. Команда бағыт бойынша 6 күн жүріп, арнайы платформада түнеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға