Жаңалықтар

Қазақстан алма мен алмұртты қай елдерге экспорттайды?

Қазақстан алма мен алмұртты қай елдерге экспорттайды?
Фото: pixabay.com 23.02.2023 16:27 630

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан 4,1 мың тонна алма мен алмұрт экспорттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Негізгі елдер – Ресей (3,1 мың тонна – жалпы көлемнің 75%-ы), Өзбекстан (616,4 тонна) және Беларус (216,9 тонна).

Ең азы – Қырғызстанға: 37 тонна. Жалпы ТМД елдеріне 4 мың тоннадан астам жеміс экспортталды. Әлемнің басқа елдерінің арасынан Моңғолияға 141 тонна алма мен алмұрт жеткізілді.

Осы кезең аралығында 113,5 мың тонна алма мен алмұрт импортталды. Мұндағы ТОП 3 мемлекет: Польша – 62 мың тонна (импорттың жалпы көлемінің 54,8%), Өзбекстан – 17 мың тонна және Иран – 10 мың тонна.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға