Жаңалықтар

Қазақстан 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын сатып алған

Қазақстан 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын сатып алған
Фото: © Pixabay.com 08.09.2023 12:00 566

Биылғы 7 айда Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың долларға импортталған. Оның ішінде Өзбекстаннан - 34,0 мың тонна 6 444,2 мың АҚШ долларға, Ираннан - 3,1 мың тонна 2 389,8 мың долларға, Тәжікстаннан 421,5 тонна 65,3 мың долларға сатып алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салмағы 2,9 мың тонна, құны 959,6 мың доллар болатын бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға - 940,8 тонна 59,6 мың долларға, Латвияға - 574,2 тонна 218,3 мың долларға, Украинаға - 716 тонна 467,6 мың долларға, Германияға - 252,3 тонна 125,5 мың долларға, Польшаға - 271,3 тонна 56,1 мың долларға, Эстонияға 115,2 тонна 16,4 мың долларға сатылды.

2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады. Жалпы, 2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны 23 257,53 мың доллар, салмағы 97,5 мың тонна қарбыз бен қауын әкелінді.

Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан - 66,1 мың тонна 10,7 мың долларға, Иран – 4,2 мың тонна 2,6 мың долларға, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ доллара бақша өнімдерін әкелген. Сондай-ақ, қарбыз бен қауын Бразилия, Коста-Рика, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Таиланд, Испания, Нидерланды сияқты елдерден әкелінеді.

Айта кетерлігі, біздің қазақстандық қарбыздар мен қауындар ТМД елдерінің нарығында бұрыннан танымал болғанымен, Еуропаға да белсенді экспортталады. Мәселен, 2021-2022 жылдары Қазақстаннан барлығы 7,2 мың тонна 2,2 млн АҚШ долларына қарбыз мен қауын экспортталды.

Экспорттың негізгі бөлігін қауындар құрайды. Екі жыл ішінде Латвияға - 2,6 мың тонна құны 883,2 мың доллар, Украинаға - 2,2 мың тонна құны 739,3 мың доллар, Германияға - 741,2 тонна құны 384,85 мың доллар, Польшаға - 114,6 тонна құны 38,6 мың долларға экспортталды, одан бөлек Әзербайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де қазақстандық қауын жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға